Жаңалықтар барлық жаңалықтар
Компания туралы
«Fides-AR»ЖШС қазақстандық және шетелдік клиенттерге коммерциялық құқықтың түрлі мәселелері бойынша кешенді заңгерлік қызметтер көрсетеді.
Біздің қызметіміз барынша қысқа мерзім ішінде, әрі икемді шарттармен кәсіби заңгерлік көмек көрсетуге бағдарланған, бұл клиенттеріміздің өз стратегиялық мақсаттарына жетулеріне септігін тигізеді. Біз жаспыз, өршілміз, еңбексүйгішпіз және өзіміздің бар күш-жігерімізді қарқынды даму үстіндегі экономикалық қатынастар аясында туындайтын мәселелер бойынша кәсіби көмек көрсетуге бағыттауға дайынбыз.
Қызмет көрсету кезінде біз кәсіби заңгерлер қоғамдастығында қабылданған және жалпы адами құндылықтарға сәйкес келетін ең талапшыл кәсіби және этикалық нормалардың сақталуына кепілдік береміз, біз әр клиенттің бизнес ерекшелігі мен талап-тілектерін ескере отырып, олармен индивидуалды түрде жұмыс істейміз.
Біздің мақсатымыз – құқықтық мәселелерді тиімді шешу, сіздің бизнесіңіздің озық нәтижелерге қол жеткізуіне көмектесу. Өз жұмысымызда біз қызмет көрсетулердің кәсіби деңгейде жүргізілуі, индивидуалды жұмыс істеу және клиенттеріміз үшін ең жоғары тиімділік сияқты көрсеткіштерді алға қоямыз.
Бизнестеріңізді сүйемелдеу немесе оның тиімділігін арттыру бойынша жекелеген міндеттерді орындау үшін сіздерге біз өзіміздің мол тәжірибемізді және жоғары кәсіби біліктілігімізді ұсынамыз.
Біздің басты қағидатымыз – клиенттеріміздің мүдделеріне адалдық. Клиенттерге адалдығымыз ұжымымыздың ұйымшыл жұмысына және қойылған міндеттер мен әріптестерімізге деген жауапты көзқарасымызға негізделеді.
Біздің заңгерлеріміз сіздерге келесі бағыттар бойынша заңгерлік қызмет көрсетеді:
- Корпоративтікқұқық;
- Бағалы қағаздар нарығы;
- Бизнесті кешенді заңгерлік сүйемелдеу (аутсорсинг);
- Сотта және мемлекеттік органдарда өкілдік ету;
- Қызметтің әртүрлі түрлерін лицензиялау;
- Еңбек құқығы және басқарушылық консалтинг.