Жаңалықтар барлық жаңалықтар
Бизнесті кешенді заңгерлік сүйемелдеу (аутсорсинг)
Қазіргі жағдайларда әр адамда ара-тұра заңдық көмек алу қажеттігі, мысалы, консультация алу, қандай да бір мәмілелерді сүйемелдеу, келіссөздер кезінде немесе өз құқықтарын іске асыру кезінде мүдделерін ұсыну, сондай-ақ басқа да қызмет көрсетулерді алу қажеттігі туындайды.
Сіздің уақытыңызды үнемдеу мақсатында, сіздің үнемі өзгеріп тұратын көптеген нормативтік-құқықтық актілерді зерделеп отырмауыңыз үшін біздің компаниямыздың мамандары заңдық сипаттағы кез келген мәселелерде сіздердің мүдделеріңізді сенімді қорғап, қажетті қызмет көрсетулерді ұсынады.
Шарттармен жұмыс
- Шарттардың әртүрлі түрлерін жасасу және құқықтық сараптау бойынша келіссөздерге қатысу;
- Әртүрлі азаматтық-құқықтық шарттарды әзірлеу;
- Шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін әртүрлі тәсілдерді қолдану бойынша консультация беру;
- Мәмілені жүзеге асыру кезінде барынша құқықтық қорғалғандықты және салық салудың барынша азайтылуын есепке ала отырып, мәмілелерді жүзеге асырудың оңтайлы нысандарын таңдау;
- Әртүрлі жоспарлы заңгерлік аудиттерді өткізуге қатысу.
Сыртқы экономикалық қызметті сүйемелдеу
Сыртқы экономикалық қызметпен, сыртқы экономикалық келісім-шарттарды құрастырумен және құқықтық талдаумен байланысты мәселелер бойынша резиденттерге және резидент еместерге кешенді консультациялар беру.
← Бір деңгейге жоғары