Жаңалықтар барлық жаңалықтар

24 желтоқсан 2012, дүйсенбі

Қосылулар мен сіңірулер

Бүгінгі күннің болмысы, әлемдік және отандық саяси-экономикалық үдерістер компаниялар қызметін ұйымдастыруға белгілі бір ықпал көрсетеді,  осыған орай бизнесті сақтаудың не оның тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылатын қосылу мен сіңіру (mergers & acquisitions) жөніндегі мәмілелер маңызды роль атқарады. Бұл мәмілелердің жасалуы корпоративтік өмірдің тұрақты белгісі болып табылады және мәміле бастапқы үміттерді ақтауы үшін оның барлық аспектілерін ескеру қажет. Біздің компаниямыздың заңгерлері қосылулар мен сіңірулер жөніндегі жобаларды іске асыруда кешенді заңгерлік қолдау көрсетеді. Жобаны іске асыру кезінде біз клиенттерімізге жұмыс барысында туындайтын кез келген мәселелер бойынша консультациялар береміз, соның ішінде банктік және қаржылық құқық, корпоративтік құқық, салық мәселелері бойынша, атап айтқанда:

  • Компаниялардың құқықтық аудитін жүргізу (legal due diligence);
  • Компанияның корпоративтік құрылымын және корпоративтік басқару құрылымын әзірлеу;
  • Консультация беру (барлық қажетті құжаттарды дайындай отырып, корпоративтік, салықтық және валюталық консультациялар беру);
  • Келіссөздер кезінде клиент мүдделерін ұсына отырып, инвестициялық, акционерлік келісімдерді, үлестерді/акцияларды сатып алу-сату шарттарын, басқа да құжаттарды құрастыру;
  • Қажет болған жағдайда рұқсат беру процедураларынан өтуді сүйемелдеу (монополияға қарсы органмен келісу).


 


Бір деңгейге жоғары