Жаңалықтар барлық жаңалықтар
Қызметтің әртүрлі түрлерін лицензиялау
Клиенттеріміздің қызметтің әртүрлі түрлеріне лицензияларды және басқа да рұқсат беру құжаттарын алуларын құқықтық сүйемелдеу біздің қызметіміздің басымдықты бағыттарының бірі болып табылады. Бұл бағытта біз шаруашылық жүргізу салаларының кең ауқымына қатысты лицензияларды және басқа да рұқсат беру сипатындағы құжаттарды алу кезінде құқықтық көмек көрсетеміз. Кәсіпорындардың лицензиялық және рұқсат беру талаптарын сақтауларына талдау жүргіземіз. Қажет болған жағдайда лицензиялаудың келесі түрлері бойынша билік органдарының шешімдеріне әкімшілік және сот тәртібінде шағым береміз:
- Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау;
- Өнеркәсіп саласындағы қызметті лицензиялау;
- Денсаулық сақтау саласындағы қызметті лицензиялау;
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау;
- Алкоголь өнімін сақтауды, көтерме және/немесе бөлшек саудада сатуды лицензиялау;
- Қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарының шоғырлануымен байланысты қызметті лицензиялау;
- Заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруын лицензиялау;
-
Туроператорлық қызметті лицензиялау.
← Бір деңгейге жоғары