Жаңалықтар барлық жаңалықтар

24 желтоқсан 2012, дүйсенбі

Сотта және мемлекеттік органдарда өкілдік ету

Іскерлік белсенділік пен жаһанданудың өсуіне байланысты, көбінесе шетелдік әріптестермен, бірлескен кәсіпорындармен және шет мемлекеттермен қатынастарда даулы жағдайлар мен басқа да қиындықтар туындайды. Мұндай дауларда елдердің нормативтік-құқықтық базаларындағы, реттеу жүйелеріндегі және бухгалтерлік есепке қойылатын талаптарындағы айырмашылықтар маңызды роль атқарады.

Мұндай жағдайда сот дауларын қарастыру перспективаларын талдау және бағалау клиент проблемаларының оңтайлы шешімін табуға және оның уақыты мен қаражаттарын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Біздің заңгерлеріміз құқықтың барлық салаларындағы арнайы білімдерді меңгерген және корпоративтік, салықтық, әкімшілік және басқа да азаматтық дауларда клиенттің мүдделерін тиімді қорғауға қабілетті.

Бұл саладағы негізгі қызмет көрсетулер:

  • Дәлелдерді жинау, талдау және сотта іс жүргізу тактикасын анықтау;
  • Талап арызды немесе басқа да іс жүргізу құжаттарын (арыз, шағым) дайындау және сотқа беру;
  • Клиентке қарсы берілген талап арызды зерделеу, талдау, жазбаша қарсылық пікір дайындау;
  • Бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы сотта істерді қарастыру кезінде қатысу;
  • Сотта іс жүргізудің барлық мәселелері бойынша консультация беру;
  • Сот шешімдеріне, қаулыларына, анықтамаларына апелляциялық/кассациялық тәртіпте шағым беру; апелляциялық/кассациялық шағымға қарсылық пікірлерді дайындау.

Заманауи бизнес жағдайларындағы компания қызметінің маңызды бағыттарының бірі бірқатар мәселелер бойынша мемлекеттік билік органдарымен сыртқы қарым-қатынас жасау болып табылады.

Кәсіпорын дамуының табыстылығы көбіне GR-менеджмент (ағыл.- Government relations – мемлекеттік органдармен қатынастар) бағыты бойынша жұмыстың тиімділігіне байланысты болады, өйткені ол компаниялардың мемлекеттік органдармен байланыстарын жолға қою құралы болып табылады. Мемлекеттік органдардың алдында компания мүддесіне өкілдік ету жағдайды сот қарастыруына немесе проблеманы әкімшілік тәртіпте қарастыруға жеткізбей, туындаған қиындықты немесе даулы жағдайды оңтайлы мерзімде және барынша аз шығындармен шешуге мүмкіндік береді.
 


Бір деңгейге жоғары