Жаңалықтар барлық жаңалықтар

24 желтоқсан 2012, дүйсенбі

Бағалы қағаздар нарығы

Компаниямыздың қызметінің негізгі бағыттарының бірі бағалы қағаздар айналымы, акционерлік қоғамдар қызметін құқықтық реттеу саласында заңгерлік қызметтер көрсету болып табылады. Біздің аталмыш саладағы тәжірибеміз мол, ол бізге тапсырыстарды аса қысқа мерзім ішінде орындай отырып, клиенттерімізге қатысты толық құпиялылықты сақтау кепілдігімен сапалы жұмыс істеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құжаттардың уақтылы рәсімделмеуінің теріс салдарын болдырмау үшін, сондай-ақ жоғарыда аталған құжаттарды дайындау айрықшалықты білімдерді қажет ететіндіктен, біздің компаниямыз бұл бағытта келесі қызметтерді көрсетеді:

  • бағалы қағаздар айналымы саласын реттейтін заңнама бойынша консультациялар;
  • акциялар мен облигацияларды шығару проспектілерін құрастыра отырып, уәкілетті мемлекеттік органда (ҚР Ұлттық банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті) акциялар мен облигациялар шығарылымын тіркеу бойынша консультациялар беру және құқықтық сүйемелдеу;
  • акциялар мен облигацияларды шығару проспектілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
  • бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту;
  • бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою;
  • акцияларды қоғам сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесін әзірлеу;
  • қоғамның таза табысын бөлу ережелерін әзірлеу;
  • ішкі құжаттарды: сенімхатты, акцияларды сатып алу-сату шарттарының, өтеу мен өзара есепке алу шарттарының жобаларын, алдын ала шарттарды дайындау, басқарушы органдардың шешімдерін, заңгерлік қорытындыларды дайындау;
  • бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді құқықтық сүйемелдеу.
     

Бір деңгейге жоғары